Қазақстандықтардың жалақысы күзден бері 32 мыңға көбейді
Қазақстандықтардың жалақысы күзден бері 32 мыңға көбейді
265
оқылды

Қазақстанда орташа атаулы жалақы мөлшері өткен күзден бері 32 мыңға өскен. Ұлттық статистика бюросы елдегі жалақының өзгерісі туралы статистиканы жариялады.

Ондағы мәлімет бойынша, маусымда елдегі орташа жалақы 242 542 теңге болған. Бюро орташа жалақыны есептеу кезінде шағын кәсіпорындарды есепке алмаған. Жалақы өткен күзден бері өсіп келеді. 2020 жылы қазанда 209 818 теңге болса, қарашада 211 033 теңге, желтоқсанда 220 848 теңгеге, 2021 жылғы қаңтарда 222 261 теңгеге, ақпанда 223 213 теңгеге, наурызда 224 715 теңгеге, сәуірде 231 319 теңгеге, мамырда 232 347 теңгеге жеткен. Сонымен бірге бюро халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысын да есептеген. Мамырда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс 121 мың теңге болған, бұл 2020 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 8,4%-ға өскен. 2021 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 451,3 мың адамға немесе жұмыс күшінің 4,9%-ына жеткен. "Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы маусым айының соңында 223,5 мың адамға жетті немесе жұмыс күшінің 2,4%-ына тең болды", – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.