18 жастағы жігіт дүниежүзін ұшақпен шарлап, рекорд орнатты
18 жастағы жігіт дүниежүзін ұшақпен шарлап, рекорд орнатты
©tengritravel.kz
243
оқылды

Ұлыбританияның 18 жастағы тұрғыны Трэвис Ладлоу бір моторлы ұшақпен дүние жүзіне саяхаттап, әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы BBC News жазды.

Ладлоу –  жер шарын 44 күнде айналып өткен ең жас ұшқыш. Алдыңғы рекордшының жасы одан 13 күн үлкен болған.

Ұлыбританиялық жігіт ұшақпен 40 мың шақырымнан аса жол жүріп, саяхатын Нидерландыда аяқтады. Жас жігіт әуе кемесін басқаруға күн сайын сегіз сағат жұмсап, тәулігіне бір жарым мың шақырымға дейін тоқтаусыз жүрген. Ладлоудың жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Басылым мәліметінше, рекорд орнатқан жігіт 13 елге – Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Канада, Гренландия, Исландия, Ұлыбритания, Ирландия, Испания, Марокко, Франция және Бельгияға тоқтаған.