Партиялық жобалардың арқасында 90 млн теңгеге демеушілік жасалды
Партиялық жобалардың арқасында 90 млн теңгеге  демеушілік жасалды
247
оқылды

Шымкентте жергілікті бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау бойынша  депутаттық фракция мәжілісі болып өтті.

Биыл халықтың талап-тілектері мен ұсыныстары ескеріле отырып, партияның бесжылдық қалалық сайлауалды бағдарламасы дайындалғаны белгілі. Партия көшбасшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін Жол картасы әзірленген.

Осынау жол картасында  10 басымдық бойынша 149 іс-шараны жүзеге асыру мақсат етілген. Фракцияның барлық мүшелері Жол картасындағы индикаторлардың орындалуына жауапты.

Көшбасшы партияның сайлауалды бағдарламасында басым бағыттардың орындалуын бақылау мақсатында қалалық филиал жанынан 11 қоғамдық кеңес құрылған. Қоғамдық кеңестер тарапынан тиісті мекемелерге 134 ұсыныс жолданып,  бүгінге дейін қалалық мәслихаттағы фракцияның 7 отырысы өткен. партия Сонымен қатар жыл басынан бері мәслихаттағы  фракция мүшелері тарапынан тиісті мекемелерге 141 депутаттық сауал жолданды. Фракция отырысында осы және 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмысының есебі тыңдалды.  Nur Otan  партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның  төрағалығымен өткен фракция жиынына  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерман Мұхтар, Берік Бекжанов және Ғани Ташқараев қатысты.

«Партия қоғамдық диалогқа әрдайым дайын. Жыл басынан бері Жол картасындағы іс шаралардың іске асырылуын бақылау мақсатында фракция мүшелері тұрғындармен 200-ге жуық кездесу өткізді. Фракция мүшелерімен 47 қабылдау ұйымдастырылып, онда 288 азаматтың талап-тілегі тыңдалды. Оның ішінде 90 азаматтың мәселесі оң шешімін тапса, қалған 198 азаматқа заң аясында түсінік берілді” – деп атап өтті фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов өз баяндамасында.

Сонымен қатар, партиялық жобалар мен қайырымдылық акцияларын іске асыруда барлық фракция мүшелері тарапынан  90 млн теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілген.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы