Орта мектеп «Жұлдыз» ықшамауданында салынуы тиіс еді.
«Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтер көрсетіп есеп ұсынғаны белгілі болды. Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 миллион теңге екенін анықтады» делінген агенттік хабарламасында.