Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы да ұзартты
Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы да ұзартты
Фото: zanmedia.kz
194
оқылды

Осыдан бір ай бұрын Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 шілдеге дейін ұзартылған еді.

Бүгін осы мерзімнің аяқталуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Алмат Бабатов тараптардың уәжін тыңдап, шешім шығарды.

«Күдікті Елжан Амантайұлы Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін қылмыстық істің материалымен танысу кезеңінде – 2 айға, яғни 2021 жылдың 14 қыркүйегі, сағат 21.56-ға дейін ұзарту туралы ұсынымды мақұлдау туралы шешім қабылдады. Үйқамақта ұстау шартын өзгерту бөлігінде, нақты айтсақ, баспанадан шығуға, телефонмен сөйлесуге, отбасы мүшелерінен басқа адамдардың бәрімен араласуға толықтай тыйым салу, күдіктінің сыртынан бақылау қою туралы ұсынымнан бас тартылды», – деді судья.

Тараптар сот қаулысына қатысты 3 тәулік ішінде қарсы шағым беруге құқылы.

Бұған дейін Біртанов ісінің мән-жайын жазған болатынбыз.