Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болды
Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болды
Фото: kazlenta.kz

Үкімет басшысының қаулысымен Малшылар күні кәсіби мереке ретінде аталып өтетін болды.

«Үкіметтің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 қаулысы осыған арналған. Құжат бойынша «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізіліп, маусым айының екінші жексенбісі Малшылар күні болып бекітілді. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі» делінген Премьер-Министр қол қойған құжатта.

Бұған дейін шілде айындағы мерекелерге байланысты демалыс тәртібін жариялаған болатынбыз.