Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, “Жас ғалым” жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын, – деді Президент.
Берік Уәлидің айтуынша, бүгінде әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін ғалымдарға бөлінген 500 грантты, сондай-ақ, “Жас ғалым” жобасы бойынша жас ғалымдарға арналған 1 000 грантты қаржыландыру механизмдері анықталды.
Ғалымдарға тағылымдамадан өтуге бөлінген 500 грантты қаржыландыру үшін 1,35 миллиард теңге көлемінде бюджеттік өтінім қабылданды, – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
Сонымен бірге, тағылымдамадан өту ережелері пысықталып, үміткерлерді іріктеудің талаптары әзірленіп, тағылымдамадан өткісі келетін 1 000 жас ғалымның мәліметтер қоры жасақталғаны да айтылған. Ал “Жас ғалым” жобасы аясында байқауды қаржыландыруға 3 миллиард теңге бөлу мақұлданған.