Жас ғалым ойлап тапқан тыңайтқыш
Жас ғалым ойлап тапқан тыңайтқыш

Тараз өңірлік уни­верситетінің жас ға­лымы, докторант Дәу­лет Егембердиев өзі ойлап тапқан жаңалық­ты әлемдік деңгейде танытуды көздейді. Ол топырағы тозған егістік алқаптары мен соры шық­қан жерлерді (тұз­ды) қалпына келтіретін тыңайтқыш ойлап тап­қан.

Бұл тыңайтқыш ауыл шар­уашылығы өнімін арт­тыруға да септігін тигізеді. Дәулет Егембердиевтің бұл жобасы NURINTECH ин­но­вациялық жобалар жа­рысынан, өзге де ғылыми байқаулардан үздік деп танылып, Финляндияда 1-орынды жеңіп алды. «Бүгінде ауыл шаруа­шылығында қолданылатын түрлі тыңайтқыш пен хи­миялық өсiмдiк қорғау препараты, мейлі ол ми­нералды селитра, аммофос болсын дұрыс пайдаланбау экосистемаға кері әсер етеді, жерасты суының минерализациялануына өнімнің сапасына, ең бастысы адам денсаулығына зиянын тигізеді. Ал Biomeliorant Гумат Z 7 жане Z Lux табиғи таза болғандықтан, қоршаған ортаға, адам денсаулығына тек пай­дасын тигiзедi. Жарамсыз жерді құнарландырады. Бұл – ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды», – дейді ғалым. Оны сұйық және құрғақ күйінде қолдануға болады. Ауыл шаруашылығына тың серпіліс әкелетін бұл жаңалықты Талас және Сарыағаш аудандарында тұзды жерлерде сынап көр­ген. Сондай-ақ Ресей шар­уалары кең көлемде қол­данған. Нәтижесі маман­дарды таңғалдырып отыр. Өніммен қоса, жердің құ­нары да артқан. Ғалымның ойлап тапқан тыңайтқышы осы күнге дейін Польша мен Ресейге жөнелтіліп, оң бағасын алды.