Парламент мәжілісінің депутаттары Шиелі ауданына барып, кәсіпкерлермен кездесті
Парламент мәжілісінің депутаттары Шиелі ауданына барып, кәсіпкерлермен кездесті
431
оқылды

Бүгін Шиелі аудан әкімінің мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Ғ.Әміреев, Б.Смағұловтың қатысуымен аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерімен және кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесуде биылғы Сырдария өзеніндегі су тапшылығымен қатар, еліміздің бірқатар аймақтарында қуаңшылықтың орын алып отырғаны айтылды. Қазіргі таңда, биылғы жылы ауданымызда 30 189 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Ағымдағы жылы көкөніс бақша дақылдарының 95 гектары суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісімен егілуде. Сондай-ақ қазіргі таңда егіс көлеміне беріліп отырған су көлемі 60 кубты құрап отырғаны айтылды. Шиелі

Одан кейін, Мәжіліс депутаттары Ақтоған ауылдық округінде күрделі жөндеуді және қосымша құрылыс жұмысын қажет ететін №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектептің жұмысымен танысты. №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектепке 2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, мектептің шатыры мен терезесі және жылу жүйесі ауыстырылып, электр жүйесі толық жаңартылған.

Шиелі Сонымен қатар Бестам ауылдық округінің тұрғындары газ мәселесі жайын назарға алуды сұрады. ҚР Мәжіліс депутаттарының назарға алған келесі нысаны Телікөл ауылдық округіндегі жаңа ғимарат қажет ететін ауылдық мәдениет үйінің ахуалымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Шиелі Кездесу барысында ауыл тұрғындары «Ә.Тәжібаев» атындағы ауылдық мәдениет үйі 1967 жылы қабырғасы қаланғанын айтып, 2001 жылы көрермендер залының төбесі құлағанын баяндады. Сондай-ақ бұл нысанның төбесін ауыл тұрғындары өздері асарлатып бітіргенін тілге тиек етті. Қазіргі таңда «Ә.Тәжібаев» атындағы ауылдық мәдениет үйіне 60 соттық жер бөлініп, құжаттар әзірленіп жатқаны айтылды. Шиелі

Одан әрі Мәжіліс депутаттары Ақмая ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп, ауыл тұрғындарын мазалаған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының үстінен айналмалы өткел ашу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

ШиеліАйта кетейік Ақмая ауылында 7000 гектардан астам егіндік жер бар. Егіндік жердің 85 пайызы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» авто жолының арғы бетінде орналасқан. Арғы бетіндегі жерге шаруалар қатынау үшін 44 км құрайтын айналма жолды айналып өтуге мәжбүр болып отыр. Бұл ауылдың шаруашылықтарына кері әсерін тигізіп отырғанына ауыл тұрғындары наразылығын білдірді. Кезекті кездесуде ҚР Мәжіліс депутаттары аталған шаруалардың оң шешімін табуға жәрдем болатынын айтты.

Одан кейін ҚР Мәжіліс депутаттары Байсын елді мекенінде 1965 жылы салынған №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің ахуалымен танысты. Ауыл тұрғындары апаттық жағдайда деп танылған мектепке жаңа ғимарат қажет екенін айтты. Қазіргі таңда 250 орындық мектептің құрылыс жұмысына жоба сметалық құжат әзірленіп, оң қорытындысы алынған.

Жобаны қаржыландыру үшін облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Алдағы уақытта ауылдан сыйымдылығы жоғары білім ордасы бой көтеріп, оқушылар жаңа мектепте білім алатыны айтылды. Одан әрі қарай, ҚР Мәжіліс депутаттары «Гежуба Шиелі цемент» зауытының жұмысымен танысты.