Атырауда деструктив діни ағым өкілдерінің ұйымдасқан қылмыстық тобы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Топ мүшелері ұзақ уақыт бойы Атырау – Орал–Атырау бағытында жүретін такси жүргізушілерін күш қолданамыз деп қорқытып, ақша бопсалаған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді төрт мүшесі ұсталды.
Олардың тұрғылықты жерінен 3 түрлі қару мен оқ-дәрі, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекетін растайтын құжат материалдары (чектер, журналдар, банк карточкалары) тәркіленді.
«Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.