Ақтау тұрғыны полиция қызметкерін тістеп, погондарын жыртып тастады 
Ақтау тұрғыны полиция қызметкерін тістеп, погондарын жыртып тастады 
©zhaikpress.kz
126
оқылды

Ақтау тұрғыны полиция қызметкерін тістеп, погондарын жыртып тастады, – деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 8 шілдеде болған. 17:30-да Ақтауда тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғыннан бұрынғы күйеуіне қатысты арызы түскен. Ер адамды полиция бөліміне алып барған. Сол кезде ол, алдымен, құқық қорғау саласы маманының қолынан тістеп, погондарын жыртып, дене жарақатын салған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Құрметті азаматтар! Ішкі істер саласының қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерін орындауға қарсылық көрсеткен тұрғындарға жауапкершілік қарастырылғанын еске салғымыз келеді. Мемлекеттік қызметкерге тіл тигізгені және билік өкіліне күш қолданғаны үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 378 және 380-баптарында қарастырылған", - деп ескерту жасады өңірдің полиция департаменті.