Астанада Түркияның Демократия және ұлттық бірлік күні аталып өтті
Астанада Түркияның Демократия және ұлттық бірлік күні аталып өтті
5,281
оқылды

2016 жылы 15 шілде күні Түркияда жасырын ұйым мүшелері төңкеріс ұйымдастырып, салдарынан 251 адам мерт болды. Екі мыңнан астам адам жарақат алды.

Бүгін Түркияда төңкеріске төтеп беруге тырысқан қаһармандардың ерлігін еске алды. FETO террористік ұйымы мемлекетке үлкен қауіп төндіретінін айқындап берді. Бұл қауіпті сейілту үшін түрік халқы табандылық танытты.

Салтанатты жиында Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи: «Бүгін 2016 жылы Түркияда орын алған төңкеріс кезінде қаза болған қаһармандарды еске алуға жиналып отырмыз. Азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау – басты міндет. Ерекше айтып өтер жайт, 2016 жылы тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің елге мемлекеттік сапармен барды. Аталған сапар қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы мемлекет басшысының сапары болды. Қиын сәтте бауырластық танытқан Қазақ еліне ризашылығымызды білдіреміз», – деді.

Соңғы бес жылда Түркиядағы басты басымдықтарының бірі – FETO-мен ел ішінде және шетелде күрес болды. Ел ішінде, ең алдымен, 15 шілде ісіне кінәлілер заң үстемдігі негізінде сот төрелігі алдында жауап берді. FETO-ның мемлекеттік мекемелер ішіндегі ұйымдық құрылымының құпиясы ашылып, оның мүшелеріне қатысты әкімшілік және сот процестері басталды, ұйымның «параллель мемлекеттік құрылымы» жойылды. Сонымен қатар FETO-ның мемлекеттік мекемелерден тыс, білімнен бастап бұқаралық ақпарат құралдарына және банк секторына дейінгі экономиканың барлық салаларына тарайтын алдыңғы формациялары жойылды.    width= Тап болған қауіпсіздік сын-қатерлеріне қарамастан, ел ішіндегі күресіміз заң үстемдігі және құқық негіздері мен бостандықтарды қорғау негізінде жүзеге асырылды. Бұл процесте FETO өзінің ішкі құрылымының әлсіреуі нәтижесінде өз стратегиясын өзгертіп, шетелдік қызметтеріне басымдық бере бастады. Осы себептен Түркиядан тыс жерлердегі FETO құрылымдарымен күрес үлкен маңызға ие болды. FETO-ның шетелдік құрылымына қарсы күрес – Түркияның шетелдегі өкілдіктерінің басты басымдықтарының бірі болып қала береді. Бұл тұрғыда, шетелдік әріптестерімізбен жасайтын барлық байланыстарымызда FETO жұмыс істейтін басқа елдердің де қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін басшылыққа аламыз. Ұйымның өзіне саяси және экономикалық ықпал ету аймақтарын құруды көздейтіні, өздері қызмет жасайтын елдердің заңдарын бұзудан тартынбайтындығы, қылмыстық және барлау ұйымы сияқты жұмыс істейтіндігі нақты мысалдармен атап көрсетілген. Екінші жағынан, FETO террористік ұйымының шетелдегі әрекет ету аясын тарылту, мүшелерінің қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетуіне жол бермеу және ақша аударымдарын бұғаттау мақсатында әкімшілік шаралар мен сот процестері күшіне енді. Түркияда FETO-ның шетелдік ұяшықтарының жетекшілеріне қатысты ашылған тергеу амалдары аясында, осы кісілер тұратын елдерге экстрадиция туралы өтініштеріміз жеткізілді. FETO террористік ұйымының шетелдік құрылымында қызмет жасайтын және ұйымды қаржыландыратын жеке тұлғалар мен ұйымдардың активтерін қатыруға қатысты жұмыстар тиісті мекемелерімізбен келісе отырып жүзеге асырылуда. Бұған қоса, FETO-ға тәуелді шет елдердегі білім беру мекемелерін жабу, оларды FETO элементтерінен тазарту және Түркия «Маариф» қорына беру жұмыстары жалғасып жатыр.    width= Әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдар FETO-ны террористік ұйым деп жариялады. Осы орайда, 2016 жылғы 19 қазанда өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 43-отырысында FETO террористік ұйым ретінде жарияланды. Осыған ұқсас шешімді 2016 жылғы 1 желтоқсанда Азия Парламенттік ассамблеясы қабылдады. Сонымен қатар, Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан бөлек, Пәкістан Жоғарғы соты 2018 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен FETO-ны террористік ұйым ретінде белгіледі. FETO-ға қарсы күрес аясында, 2019 жылдың 9 тамызында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі төрт саяси партиядан тұратын топ тарапынан FETO-ға қарсы бірлескен мәлімдеме жарияланды. Фетхуллах Гүленмен қоса FETO мүшелерінің тез арада елімізге экстрадициялануының күтіліп отырғандығы туралы аталмыш мәлімдеме – FETO-мен күрестегі күш-жігерімізді нығайта түсті. Үшінші елдерде FETO туралы ақпарат деңгейінің артуы – осы елдердің ұйым әрекеттерін мұқият бақылап, тергеулер жүргізуіне жол ашты. Бірқатар елдерде FETO-ға тәуелді ұйымдардың заңсыз операциялары анықталды. Үшінші елдерге депортацияланғандардан басқа, 20-дан астам елден 120-дан астам FETO мүшелері Түркияға жер аударылды. Бүгінге дейін 42 елдегі FETO-ға тәуелді мектептер мен тілдік курстардың қызметі жартылай немесе толығымен тоқтатылып, ал оның 20-сындағы мектептер Түркия «Маариф» қорына өткізілді. Сонымен қатар, «Маариф» қоры 26 елде 192 жаңа мектеп ашты. Бұл шараларымыз ұйымның шетелдегі мүшелеріне қысымды күшейтіп, ұйымның шетелдік құрылымы мен маневрлік кеңістігінде елеулі қысқару орын болды. FETO-ның ғаламдық желісінің нашарлауы байқалса да, ұйым PR мен лоббистік мүмкіндіктерді пайдаланып жалған жаңалықтар арқылы өздерін құрбан ретінде көрсететін хикаяны ойдан шығарып, БАҚ-та қайта көрінуге тырысып, Түркияға дұшпан топтармен ынтымақтастықты нығайтуға күш салып жүр. FETO-ның бұл хикаясына жауап ретінде еліміздің демократиялық құқықтық мемлекет екеніне баса назар аударылады. Себебі, Еуропа адам құқықтары сотына жүгінгенге дейін барлық отандық құқықтық жолдарды сынап көру шарт екенін және қабылданған шешімдерге қарсылық білдіру/шағымдану тәсілдері әрдайым бар екенін атап өткен жөн. FETO-ның бірқатар елдердің баспана беру жүйелерін теріс пайдалану арқылы өз мүшелеріне кеңістік ашуға бағытталған әрекеттеріне қарсы, баспана сұрату өтініштерінің заңды тұрғыдан негізсіз екендігі айқын көрінеді. Сонымен қатар, өз әріптестерімізге FETO-ның сол елдерде баспана беру механизмдеріне әділетсіз өтінімдер арқылы саяси, қаржылық және әлеуметтік ауыртпалық жүктейтінін еске салғымыз келеді. Ұзақ мерзімге созылатын FETO-ның шетелдегі құрылымдарымен күрес табандылықпен жүргізіле береді.

Жиынға қатысушылар бейбітшілік пен ынтымақ бүкіл әлем үшін маңызды екенін талқылады. Жиында Юнус Эмре түрік мәдени орталығының оқушысы Әйгерім Тәлен «15 шілде» өлеңін оқыды. Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыс әрқашан жандана бермек.