Ресейдің тікелей инвестициялар қоры Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы ресейлік бір компонентті Sputnik Light вакцинасын тіркегені туралы хабарлады.
Sputnik Light вакцинасының тиімділігі 28 күнде 79,4% болған.
Қор жетекшісі Кирилл Дмитриев: «Қазақстанда коронавирустың алдын алу үшін Sputnik V вакцинасы қолданылып жатыр. Бір компонентті Sputnik Light вакцинасы халықты вакциналау уақытын қысқарту және ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына септігін тигізеді, – деді.