15 шілде – Түркияның демократия және ұлттық бірлік күні. Осыған орай Түркияның Қазақстандағы елшілігінде арнайы іс-шара өтті.
2016 жылы 15 шілде күні Түркияда жасырын ұйым мүшелері төңкеріс ұйымдастырып, салдарынан 251 адам мерт болды. 2 мыңнан астам адам жарақат алды. Кеше Нұр-Сұлтанда Түркияда төңкеріске төтеп беруге тырысқан қаһармандардың ерлігін еске алды. FETO террористік ұйымы мемлекетке үлкен қауіп төндіретінін айқындап берді. Бұл қауіпті сейілту үшін түрік халқы табандылық танытты.FETO-ның жасырын іс-әрекеті әшкере болып, оның мүшелері жауапқа тартылды. Түркияда осындай сын-қатерлерге қарамастан, ел тыныштығын сақтауға баса назар аударылады. Бұған қоса, FETO-ға тәуелді шетелдердегі білім беру мекемелерін жабу, оларды FETO элементтерінен тазарту және Түркия «Маариф» қорына беру жұмыстары жалғасып жатыр. Әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдар FETO-ны террористік ұйым деп жариялады. 2019 жылғы 9 тамызда Түркия Ұлы ұлттық мәжілісіндегі төрт саяси партиядан тұратын топ тарапынан FETO-ға қарсы бірлескен мәлімдеме жарияланды. Салтанатты іс-шараға қатысушылар бейбітшілік пен ынтымақ бүкіл әлем үшін маңызды екенін талқылады. Жиында Юнус Эмре түрік мәдени орталығының оқушысы Әйгерім Тәлен «15 шілде» өлеңін оқыды. Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыс әрдайым жандана бермек.Салтанатты жиында Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи: «Бүгін 2016 жылы Түркияда орын алған төңкеріс кезінде қаза болған қаһармандарды еске алуға жиналып отырмыз. Азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау басты міндет. Ерекше айтып өтер жайт, 2016 жылы тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің елге мемлекеттік сапармен барды. Аталған сапар қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы мемлекет басшысының сапары болды. Қиын сәтте бауырластық танытқан Қазақ еліне ризашылығымызды білдіреміз», – деді.
Н.БАҚЫТ