Жарты жылда Қазақстан қазынасына 8,2 трлн теңге салық түсті. Осы сомадан мемлекеттік бюджетке 7,3 трлн теңге, Ұлттық қорға 926,2 млрд теңге аударылды.LS агенттігінің мәліметінше, салық пен төлемнің көп бөлігі Алматыдан түсті – 1,9 трлн теңге. Екінші орында Атырау облысы (1,3 трлн теңге), қазынаға көп қаржы түсірген үшінші өңір – Нұр-Сұлтан (939,4 млрд тг.).Жарты жылда мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорға Алматы облысы 509,8 млрд теңге, Қарағанды облысы 432,6 млрд теңге, Маңғыстау облысы 423,3 млрд теңге, БҚО – 390,6 млрд теңге, ШҚО – 287,9 млрд теңге, Павлодар облысы 281,7 млрд теңге салық төледі.Ал Ақтөбе облысынан 274,4 млрд теңге, Түркістан облысынан 212,6 млрд теңге, Қостанай облысынан 192,6 млрд теңге, Шымкенттен 192,4 млрд теңге, Ақмола облысынан 187,9 млрд теңге түсті.Ең аз салық Қызылорда облысынан (140 млрд теңге), Жамбыл облысынан (104,1 млрд) теңге және СҚО (86,3 млрд теңге) түскен.
2021 жылдың қаңтар-маусымында бюджет пен Ұлттық қорға түскен салықтар мен төлемдер (тг.)