Polisia.kz-тің дерегінше, Ұлан ауданы ПБ кезекші бөліміне 14 шілдеде сағат 16:00 шамасында Төменгі Тайынты ауылында орналасқан жазғы сауықтыру лагерінен өз еркімен кетіп қалған 14, 15 және 17 жастағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін іздеуге көмек сұрап хабарласқан.
Өтініш Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Үміт» балалар үйінің директорынан түсті.
Іздестіру нәтижесінде, бүгін таңғы сағат 06:05-те балалар табылды.
«Өскемен-Самара» тас жолы бойынан патрульдік полицейлер Тарғын ауылында қараусыз қалған үйге кіріп бара жатқан үш жасөспірімді байқайды.
Тәртіп сақшылары жол бойындағы үйді тексергенде іздеген балаларды сол жерден табады. Қазіргі ер балалар Ұлан АПБ-ға жеткізілді.