Министрліктің мәліметінше, ауру өршіп, құрбандар саны да азаймай отыр. Бір күнде 5648 адамнан коронавирус анықталды.
Жалған ПТР тест пен вакцинация паспорттарын қолдан жасайтындарға қарсы күрес күшейтілді.
Тергеуде ПТР тестін қолдан жасауға қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 42 қылмыстық іс болды (ҚК 385-бабы 1-бөлігі – 23, 2-бөлігі – 3, 3-бөлігі –16), оның ішінде 39-ы биыл тіркелген.
Вакцина паспортын қолдан жасау фактісі бойынша биыл 23 қылмыстық іс тіркелді.