Оның айтуынша, маска тағу қазіргі ғана емес, пандемия басталғаннан бері өте өзекті.
«Вакцина алдық, енді маска тағып, арақашықтық сақтаудың қажеті жоқ» деп ойлайтындар қателеседі. Әзірге ұжымдық иммунитет қалыптасқан жоқ. Ауру күнде өршіп жатыр. Сондықтан вакцина алғандар да ауырып қалуы мүмкін», – деді Айжан Есмағамбетова.