Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер пәтер ұрлығы кезінде ұсталды
Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер пәтер ұрлығы кезінде ұсталды
225
оқылды
Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ақмолалық жедел уәкілдер елорда маңындағы пәтер ұрлығы кезінде анықтап, ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Биыл 13 шілдеде Қосшы ауылының 61 жастағы тұрғыны Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне өтінішпен жүгінді. Әйел осы күні сағат 19.00-ден 23.00-ге дейінгі уақыт аралығында белгісіз біреулер пластикалық терезені қысу арқылы 338 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын, сондай-ақ жеке заттарын ұрлағанын хабарлады. Мүліктік сипаттағы қылмысты ашу үшін полиция қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында қылмыс жасауға Нұр-Сұлтан қаласының 32 және 34 жастағы екі тұрғыны қатысқаны анықталды, олардың біреуі бұрын ҚР ҚК 107-бабы, ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі, ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотталған. https://youtu.be/0uElgwo3tbg