Данияр Елеусінов Қазақстанда жекпе-жек өткізеді
Данияр Елеусінов Қазақстанда жекпе-жек өткізеді
Фото: Prosport.kz
129
оқылды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жекпе-жектерінің бірін Нұр-Сұлтанда өткізеді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне Олимпиада чемпионының менеджері Зия Алиев айтты. Бұл бокс кешіндегі тағы бір маңызды оқиға Иван Дычконың (10-0, 10 КО) жекпе-жегі болмақ, суперауыр салмақтағы қазақстандыққа мықты қарсылас таңдалады.
"Бұл үлкен шоуды шамамен желтоқсанда өткізуді жоспарлап отырмыз. Данияр маңызды айқас өткізуі керек. Тағы бір кездесуде Иван Дычко да шаршы алаңға шығады. Иванға тағы бір айқас өткізуі керек болар, ал Данияр бір жекпе-жек өткізсе болды. Мықты қарсыластар таңдаймыз", – дейді Алиев.