Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2021 жылғы 2 тоқсандағы жұмыс қорытындысы туралы
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2021 жылғы 2 тоқсандағы жұмыс қорытындысы туралы
209
оқылды

Қазақстан Республикасы «Мем­­ле­кеттік аудит және қар­жылық бақылау туралы» заңына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудит органы ретінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комис­сиясының негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасының өсуін және қаржы ресурстарын басқарудың тиімділігі мен заң­дылығын арттыру және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіп­сіздігін қамтамасыз ету.

Жүктелген функциялар мен мін­деттерді іске асыру сайтта ор­на­ластырылған осы жылға арнал­ған мемлекеттік аудит объек­тілерінің Тізбесі негізінде жүзеге асырылады www.rkastana.gov.kz. Тексеру комиссиясы 2021 жыл­дың 2 тоқсанында ауди­тор­лық іс-шара бойынша 6 отырыс өткізді, онда 15 нысан қаралды, оның ішінде мемлекеттік орган­дар мен мекемелерде – 13; квази­мемлекеттік сектор объектілері – 2. Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 102 306,7 млн теңгеге бұзу­­шылықтар анықталды, оның ішінде: 1) қаржылық бұзушылықтар – 1 082 580,5 млн теңге, олар бюд­жетке өтелуі тиіс және/немесе құжаттарды сәйкестікке келтіру және/немесе жұмыстарды орын­дау арқылы қалпына келтірілуі тиіс; 2) тиімсіз пайдаланылған бюд­­жет қаражатының бұзылуы – 208,6 млн теңге; 3) тиімсіз жоспарлаудың сал­дарынан бұзылуы – 19 517,6 млн теңге. Бұдан басқа, аудит нысандары қыз­метінде 335 рәсімдеу тәр­тібінің бұзылуы және 120 жүйелі кемшілік анықталды. Бүгінде қаржылық бұзу­шы­лықтардан өтелуі тиіс 682,9 млн теңгенің 87,1 млн теңгесі (12,7%) өтелді, 1 081 897,6 млн теңгенің 9 473,9 млн теңгесі (0,9%) қалпына келтірілді. Есепті кезеңде жүргізілген ауди­торлық іс-шаралар тұтастай алғанда бюджетті жоспарлау кезінде бюджеттік өтінімдерде қамтылған есептердің толықтығы мен дұрыстығы қамтамасыз етілмеуінен жүйелі кемшілік­тердің орын алғанын көрсетті және осы­ның салдарынан бюд­жет жүйесі­нің негізділігі мен тиім­ділігі қағи­дат­тарының бұзылуына алып кел­ген. Мысалы, Алматы, Бай­қоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандары әкімдерінің аппараттарында олар­дың балан­сында жоқ нысандарды (көше және саябақ жарықтарын, жарық тіректерін, көшелерді, сквер­лерді және ауданның квар­талішілік аумақтарын ұстау) қам­туға және оларға қызмет көрсетуге 13 353,7 млн теңге сомасында бюд­жеттік шығын жоспарланған. Сондай-ақ, аудит объекті­леріндегі елеулі бұзушылықтарға мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын орындау кезіндегі көптеген бұзушылықтар жатады, атап айтқанда өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосық­сыз қатысушылар деп тануды уа­қы­тында қабылдамау, техника­лық сипат­тамаларда көрсетіл­гендерден орындалған жұмыстар көлемінің асып кетуі, жылдың бірінші айы ішінде шарттар жасасу жөніндегі мерзімдердің бұзылуы, мемле­кеттік сатып алу конкурсын өткіз­бей, шарттарды негізсіз жасасу және тағы басқа жатады. Сонымен бірге бюджеттік бағ­­дарламалар бойынша жүргі­зіле­тін операциялардың бухгал­тер­лік есеп пен қаржылық есеп­тілікте дұ­рыстығы мен нақты­лығының көрсетілуін тексеру барысында бұзушылықтар анық­талды. Мы­салы, Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігінің ШЖҚ МКК «Қалалық же­дел медициналық жәрдем стан­сасы» ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөн­деу жүргізу кезінде пайдалану мен есептен шығару кезінде шикізат пен материал­дардың тиісті есебі жүргізілмеген, сондай-ақ мате­риал­дық құрал­дарды есептен шы­ғару жөнінде қолданылатын рәсімдеу опе­рация­­ларының талаптары сақтал­маған. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы тарапынан тұңғыш рет 2020 жылға арналған жергілікті бюджеттің шоғыр­лан­дырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізілгенін атап өткен жөн, ол Қаржы бас­қар­масы мен бюджеттік бағдар­лама­лар әкімшілерінің бухгал­тер­лік есепті жүргізу және қаржылық есептілігін толтыру қызметі елеу­лі және жалпыға бірдей бұрмалау­лар мен анықталмаған көрініс­терге алып келген бұзушылықтар және кемшіліктермен жүзеге асырыла­тынын көрсетті. Соны­мен бірге ішкі бақылау құрал­дары­ның тө­мен деңгейі және тиісінше Қаржы басқармасында да, басқа бюд­жеттік бағдарлама әкімшілерінде де (көлік, актив­тер, энергетика, денешынықтыру және спорт басқармалары) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің анық көрсетілмеуінің жоғары қауіптерін анықтады. Аудиторлық іс-шаралар тура­лы неғұрлым толық ақпаратты Тексеру комиссиясының ресми сайтында www.rkastana.gov.kz танысуға болады. Аудиторлық іс-шаралар бары­сында анықталған бұзушылықтар бойынша 2021 жылғы 2 тоқсан ішін­дегі тексеру нысандарын тәр­тіптік және әкімшілік жауап­кер­­шілікке тарту үшін сот және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл шаралары бойын­ша жұ­мыстар жүргізілуде. Тексеру барысында анықтал­ған бұзушылықтар бойынша 39 лауазымды тұлға тәртіптік жауап­кер­шілікке тартылды. Уәкілетті және сот органдарының қарауы мен шешім қабылдауы үшін 42 факті бойынша материалдар жол­данды, оларды қарау нәтижелері бойынша: – 39 факті бойынша 4 995,5 мың теңге айыппұл салынған заңды тұлғалар мен лауазымды тұлғалар тартылды; – 2 факт бойынша әкімшілік іс жүргізу қарау сатысында; – 1 факт бойынша әкімшілік іс қозғаудан бас тартылды. Сонымен қатар есепті кезеңде Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне, жергілікті атқарушы органдарға және аудит объектілеріне, олар­дың жұмысында анықталған бұзу­шылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі 20 ұсыным мен 60 тап­сырма жіберілді. Осы жылы Тексеру комис­сия­сы жүктелген өкілеттіктер шең­берін­де бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заң­намасы нормалары бұзылуының алдын алу және оларды азайту мақсатындағы жұмысын әрі қарай жалғастыратын болады.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ