Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екеуі де өртеніп кетті.
Жол апаты «Шұбарқұдық-Соль-Илецк» тасжолының Ойыл ауданы Саралжын ауылы маңында болған.
– «Ваз-2110» автокөлігі «Мitsubisi Montero» автокөлігімен соқтығысып, екі автокөлік жолдан шығып, өртеніп кетті. Жол апаты салдарынан автокөлік жүргізушілері мен 5 жолаушы жарақат алып, Ойыл аудандық ауруханасына жеткізілді,– деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.