Қазақстанның Олимпиада командасы Токиоға жетті
Қазақстанның Олимпиада командасы Токиоға жетті
Фото: olympic.kz
160
оқылды
Олимпиада делегациясының алғашқы легі Жапонияға келді. Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы ұшу ұзақтығы 7 сағат 15 минутты құрады, — деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті. Талапқа сай делегацияның 128 мүшесі коронавирус инфекциясына ПТР тест тапсырды. Қазақстандықтар тапсырған тест теріс нәтиже көрсетті. Команданың әуежайдағы барлық процедурасы 4 сағатқа жуық уақытқа созылды.
«Ұйымдастырушылардың талабы бойынша барлық регламентті сақтадық. Ереже бойынша соңғы төрт сағатта спортшылар коронавирус инфекциясына бес тест тапсырды. Қазіргі таңда олар олимпиада ауылына жайғасып, тынығуда. Жақын уақытта кестеге сәйкес жаттығуды бастайды», – деп хабарлады Олимпиададағы Қазақстан Миссиясының басшысы Елсияр Қанағатов.
17 шілде күні Токиодағы күн райы ашық, ауа температурасы 32 градусқа дейін көтерілген. Ылғалдылық 52 пайызды көрсетіп тұр. 18 шілдеден бастап спортшылар жаттығуға кірісіп, дәрігерлердің бақылауымен ыстық әрі ылғалды климатқа бейімделеді.