Кубаның CIGB Гендік инженерия және биотехнология орталығының коронавирусқа қарсы Abdala вакцинасы сынақтардың үшінші кезеңінде 100 пайыз қорғайтын қасиеті анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Препарат ауыр жағдайлардың және өлімнің алдын алуда тиімділігі - 100 пайыз, сондай-ақ ауру белгілерін 92,28 пайызға болдырмайтыны айтылған.
Сынақтарға миллионнан астам адам қатысты.
Мұның алдында препарат елдің денсаулық сақтау ведомствосынан шұғыл пайдалануға рұқсат алды.