Кобрамен бірге өнер көрсеткен филиппиндік ажал құшты
Кобрамен бірге өнер көрсеткен филиппиндік ажал құшты
256
оқылды

"Жыланның уы маған дарымайды" деп жүрген 62 жастағы филиппиндік Бернардо Альваресті кобра шағып өлтірді, — деп хабарлайды ЭК.

Daily Mail таратқан ақпаратқа қарағанда, ол бұған дейін жұрттың бәріне "бойымда жыланның уына қарсы иммунитетім бар" деп айтып келген. Бернардо Альварес бір улы кобраны ұстап алып, қолға үйреткен. Сөзі құрғақ болмас үшін, жұртты жинап, кобраны ерніне жақындатып, сүйісіп жатқандай түр көрсетеді. Сол сәтте жылан шалт қимыл жасап, тілін шағып алыпты. Бернардо шыңғырып, жерге серейіп құлаған. Жедел жәрдем мен полиция жеткенде денесінің жансызданып, жүрегінің тоқтап қалғаны анықталды. Оқиға куәгерлері ашуға булығып, шаққан кобраны өлтірген. Филиппин кобрасы — әлемдегі ең улы жыландардың бірі. Уы құрбанының тыныс жолдарын бірден бітеп тастайды.