19 шілдеде президент санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді
19 шілдеде президент санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді
Сурет: ru.egemen.kz
251
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді, — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли ресми мәлімет таратты.
«Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады. Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ», — делінген хабарламада.