Үндістанның Уттар-Прадеш штатында үш басты сәби дүниеге келді, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Баланың анасы жүктілікті қалыпты жағдайда өткізген. Сондықтан баланың бірден үш баспен тууы туыстары үшін күтпеген жағдай болды, — деп жазады DailyStar.
БАҚ-та жарияланған суреттер мен видеода баланың "қалыпты" басына тағы екі бас қосылып тұрғанын көруге болады.
Анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Олар ауруханадан шығарылып, үйіне келді. Алайда ерекшелігіне байланысты балаға деген қызығушылық артып кетті.
Жергілікті тұрғындар бұл Жердегі құдайдың белгісі деп санап, сәбиді көруге келе бастады.
Дәрігерлер бұл құбылысты қалай түсіндіріп отырғаны белгісіз.