«Шыңғыс Айтматовтың бейіті тоналды»: оқиғаның мән-жайы анықталды
«Шыңғыс Айтматовтың бейіті тоналды»: оқиғаның мән-жайы анықталды
Фото: aa.com.tr
327
оқылды
Белгісіз біреулер Шыңғыс Айтматовтың бейітін тонады. Бұл туралы тележүргізуші Ассоль Молдокматова өзінің Instagram парақшасында айтты. Оның айтуынша, бұл іске жазушының ұлы – Қырғыз Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі Асқар Айтматов қатты өкпелі. Мұның бәрін Асқар Шыңғысұлы өз қаражатына салған. «Мұның артында кім тұр? Келісімсіз, өз еріктерімен істеген... мұндайды, ең алдымен, оның ұлымен келісіп істеу керек. Кешірім сұрап, тез арада қалпына келтіру керек», – деп жазды тележүргізуші. Ал Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Facebook-тегі ресми парақшасында "Ата-бейіт"мемориалдық кешенінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Белгісіз біреулер жазушы Шыңғыс Айтматовтың қабірінен түндікті алып тастағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. "Ата-бейіт" мемориалдық кешенінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жазушының қабіріндегі тастар жаңартылып жатыр", – деп хабарлады министрліктен.
Мәдениет министрлігі, сондай-ақ, "Ата-бейіт" мемориалдық кешені тәулік бойы бақылауда екенін атап өтті. Шыңғыс Айтматов "Ата-бейіт" мемориалдық кешенінде жерленген. Жазушының өлім алдындағы өтініші бойынша сталиндік қуғын-сүргін кезінде қайтыс болған көрнекті мемлекет қайраткері, әкесі Торокул Айтматовтың қабірінің жанына жерленді.