Әуежайдың екі қызметкері ПТР тест анықтамасын жасап, сатқаны үшін ұсталды
Әуежайдың екі қызметкері ПТР тест анықтамасын жасап, сатқаны үшін ұсталды
Фото: yandex.kz
145
оқылды

Алматы әуежайының аумағында жүргізілген жедел іздестіру нәтижесінде, ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД бірге, 1992 жылы туған Ж. есімді және 1993 жылғы И. есімді қызметкерді ұстады.

Белгілі болғандай, қамауға алынғандар шетелге кеткендер үшін теріс ПТР тест сынағын жасаған, бас-аяғы 15-20 анықтама сатқан. Олар ПТР сынақтарын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы өздері жасағаны анықталды. Қызметкерлер клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзеткен, сол жолаушыларды ұшаққа отырғызуға жіберді. Тапқан пайданы өзара бөлісіп алды.

«Қазіргі уақытта тергеу басталды. Қамауға алынғандардың осыған ұқсас заңбұзушылыққа қатыстылығы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді полициейлер.