«Қазатомөнеркәсіпке» қарасты «Байкен-U» сатып алу бөлімінің бастығы ұсталды
«Қазатомөнеркәсіпке» қарасты «Байкен-U» сатып алу бөлімінің бастығы ұсталды
Фото: rus.azattyq-ruhy.kz
317
оқылды

Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметі бойынша, 2,2 миллион теңге пара алғаны үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысы ұсталды.

«Лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны және қызметтер көрсету шарты бойынша кейіннен аударғаны үшін ақшалай қаражат алған» делінген ресми хабарламада.

Өзге ақпарат жарияланбайды. Тергеу жалғасып жатыр.