Қазақстан халқының тең жартысы 50 мыңға жетпейтін табысқа өмір сүреді
Қазақстан халқының тең жартысы 50 мыңға жетпейтін табысқа өмір сүреді
©А.Ахметқазы
529
оқылды

Қазақстандықтардың жартысы 49,6 мың теңге табысқа өмір сүреді. Ұлттық статистика бюросы 2020 жылы Қазақстандағы медиандық табыс мөлшерін жариялады.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2015 жылы қазақстандықтардың орташа табысы 33,9 мың теңгеге тең болған, ал 2011 жылы халықтың жартысы 25,4 мың теңгеге өмір сүрген. Алматылықтардың орташа табысы былтыр 69,6 мың теңге, қарағандылықтардікі 64,1 мың теңге, СҚО тұрғындарының орташа табысы 58,8 мың теңге болды. Ең аз орташа табыс оңтүстік өңірлердің тұрғындары арасында болды. Жамбыл облысы тұрғындарының жартысы 41,2 мың теңгеге, Шымкент қаласы — 40,5 мың теңгеге, Түркістан облысы – 35,6 мың теңгеге өмір сүрді. Бұл рейтингтегі бірінші және соңғы орын арасындағы айырмашылық екі есе болды. Бұл ретте Қазақстан бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2020 жылы 115 мың теңгеге жетті. 2011 жылдан бастап бұл көрсеткіш 2,5 есе (45,9 мың теңге) өсті. Медиандық табыс — "кіріс қатарының" ортасындағы соманы көрсететін және оны екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш. Яғни, қазақстандықтардың жартысы осы шамадан сәл жоғары, ал екінші жартысы жоғары табысқа ие. Ел тұрғындарының табысы неғұрлым әркелкі, яғни бірі өте аз, бірі өте көп жалақы алып, олардың айырмасы өте жоғары болса, орташа табыс пен медиандық табыс арасындағы айырмашылық соғұрлым көп болады.

Медиандық табыс (2020 ж., мың теңге)

Алматы қ.

69,9

Қарағанды 

64,1

CҚО

58,8

ШҚО

57

Нұр-Сұлтан

56,9

Ақмола

56,2

Павлодар

56,1

Алматы

54,1

Қостанай

50,4

Ақтөбе

47,2

Атырау

46,9

Маңғыстау

46,3

БҚО

46,1

Қызылорда

42,7

Жамбыл

41,2

Шымкент

40,5

Түркістан

35,6