Әрбір отбасының ең үлкен армандарының бірі - сәбилі болу. Алайда бұл жол кейбір отбасылар үшін ұзақ әрі қиын болуы мүмкін.
«Қазақ еліне +1 сәби»: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын жариялады (видео)
Фото: әлеуметтік желі
276
оқылды

Продюсер, блогер Мөлдір Мұқан ата-ана болуды армандап жүрген отбасыға қолдау көрсетеді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жариялады. Продюсер ұзақ уақыт сәби сүйгісі келіп жүрген бір отбасының ЭКО бағдарламасына қажет барлық шығынын өзі төлемек.

Әрбір отбасының ең үлкен армандарының бірі - сәбилі болу. Алайда бұл жол кейбір отбасылар үшін ұзақ әрі қиын болуы мүмкін.

Мөлдір Мұқан көптен бері ата-ана болуды армандап жүрген бір отбасына қолдау көрсеткісі келетінін жеткізді.

Ол осы отбасының ЭКО бағдарламасына қажетті барлық шығынды өз мойнына алып, толықтай демеушілік жасауға ниетті.

Бұл - бір отбасыға берілген үлкен мүмкіндік, бір арманға жасалған маңызды қадам. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.