Түркістан облысынан Маңғыстауға 1000 тоннаға жуық жемшөп жөнелтілді
Түркістан облысынан Маңғыстауға 1000 тоннаға жуық жемшөп жөнелтілді
311
оқылды

Түркістан облысының тұрғындары мен еріктілері облыс әкімдігінің қолдауымен Маңғыстау облысының шаруаларына көмек көрсетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 жем-шөп Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев алғашқы күндерден бастап батыс өңірлерге жемшөпті жөнелтудің тегін логистикасы мәселелерін бақылауда ұстап келеді. Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен Маңғыстау облысына 23 вагон шөп жөнелтілген болатын. Бұдан бөлек, бүгін Сарыағаш қаласының теміржол станциясынан тағы 10 вагон мал азығы жөнелтілді. Қазіргі уақытта жергілікті еріктілер мен аграрлар Түркістан облысы әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен Маңғыстау және басқа да облыстарға қосымша 40 вагон жемшөп жіберу жұмыстарын жүргізуде. Келісімдерге сәйкес мал азығын жеткізу жұмыстары тегін жүргізілуде. Сонымен қатар, облыс әкімдігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қажет болған жағдайда дайындалған жемшөпті тасымалдау үшін 100 вагон ұсынуға дайын.  жем-шөп Биылғы құрғақшылық тек батыс өңірлерде ғана емес, Түркістан облысында да орын алды. Атап айтқанда, Келес және Сарыағаш аудандарының шаруалары осы қиындыққа тап болды. Дегенмен, бүгінгі таңда өңірдегі жағдай тұрақты. Бірқатар аудандар қажетті жемшөп мөлшерін 100% жинап үлгерді. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыстың агроқұрылымдарына орман қоры жерінен жайылымдар мен шабындықтар берілді. Ағымдағы жылдың 6 айында 545 агроқұрылымға – 563 мың га жайылым, 23 агроқұрылымға – 1,5 мың га шабындық берілді. Түркістан облысы Арыс қаласының әкімшілігі еліміздің батыс өңірлеріне шөп жөнелтуге қарсы тұрғаны туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.  жем-шөп