Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз шығып, жоғалып кеткен ер адам табылмай жатыр
Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз шығып, жоғалып кеткен ер адам табылмай жатыр
Фото: ТЖМ-нен алынды
263
оқылды

Кеше Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші бөліміне Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен ер адамның тауда жоғалғанъы туралы хабарлама түсті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Мәншүк Мәметова көлінде түнеген 27 жастағы жас жігіт таңертең шыңға көтерілетінін айтқан. Кешке жақын турист досына хабарласып шыңды бағындырғанын, дегенмен оған көмек қажет екенін және өздігінен түсе алмайтынын ескерткен. Осыдан кейін ер адаммен байланыс үзілген. Оқиға орнына 1 бірлік автотехника, 6 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы шықты. РЖҚЖ құтқарушылары альпинизм федерациясының (Тұйықсу базасы) альпинистерімен бірлесіп, іздестіруді бастады. Альпинистерден 2 адам жұмылдырылды. Жедел топ Р№ 6 көліне дейін жетіп, М.Мәметова шыңына қарай жаяу жүріп шықты.   [caption id="attachment_151801" align="aligncenter" width="473"]шың Фото: ТЖМ-нен алынды[/caption] РЖҚЖ құтқарушылары мұздықтың түбін барлап, мұздақтарды қарап шықты. Альпинистер М.Мәметова жотасының қырқасын асып өтті. Белгілі болғандай, турист «Қазселденқорғау» жұмысшыларына сөмкесін қалдырып, 18 шілде күні түске қарай қайтатынын айтып, сол қалпы оралмаған. Бүгін таңертең РЖҚЖ-ның екінші жедел тобы 7 адам мен 1 бірлік автотехника құрамында бірінші топпен ауысты. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары «Қазавиақұтқару» тікұшағымен М.Мәметова шыңын ұшып өтті.