Қар барысы «Алтынемелде» екінші рет фототұзаққа түсті – видео
Қар барысы «Алтынемелде» екінші рет фототұзаққа түсті – видео
Фото: Видеодан алынды
637
оқылды

Аналық барыс екі аланымен жүр. Мұның алдында фототұзаққа түскені аталық барыс еді. Ұлттық парк аумағына бірнеше фототұзақ орнатылған.

Ғалымдардың айтуынша, барыстар бұл аумаққа 2017 жылдан бастап келе бастады.   https://youtu.be/qOjCAIoeZ5Y Ұлттық паркте қар барысынан өзге де Қызыл кітапқа енген жануарларды сақтау үшін мамандар ұлттық парктің күзет аймағына, сондай-ақ Жоғарғы Көксу қаумалы мен Орықты, Түлкілі, Қояндытау, Тоқсанбай, Атыжоқ, Дулантау, Ортатау тауларына тездетіп экологиялық дәліз құруды ұсынады.   https://youtu.be/DDPtWURIky4 Бұл «Алтынемел» тау сілеміндегі қар барысы популяциясының кедергісіз көшуі мен сақталуына ғана емес, сондай-ақ ұлттық паркте арқар, Түркістан сілеусіні, сабаншы, Тянь-Шань қоңыр аюы, тас сусары сияқты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың көбеюіне ықпал етеді.

Бұған дейін Көлсай маңайында барыс фототұзаққа түскен еді.