20 шілдеде Нұр-Сұлтанда базарлар мен сауда орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
20 шілдеде Нұр-Сұлтанда базарлар мен сауда орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz
215
оқылды
20 шілдеде Құрбан айт мерекесінде Нұр-Сұлтанда базар, дәмхана, СОО және қоғамдық көлік жұмысында қандай шектеулер қойылатыны белгілі болды. Қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес қалалық автобустар штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл уақытта автобустар саны артып, соңғы аялдамада салон өңделіп, барлық есігін ашып, желдету жұмыстары жүргізіледі.
СОО, сауда үйлері мен сауда орталықтарына сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Бұл ретте нысандағы қоғамдық тамақтану орындары Ashyq бойынша 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда бұл нысандарға шектеу қойылады, өйткені қаулыда 4 шаршы метрге бір келуші болуын сақтау талап етілген.
Дәмхана, мейрамхана мен кофе, оның ішінде жазғы алаңдар 50 пайызына дейін, 30 орынға дейін келушілерді қабылдай алады. Мекемелерге 7.00-ден 17.00-ге дейін, Ashyq-пен 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Асхана орналасқан жеріне қарамастан, залдың 50 пайызына, 30 орындыққа дейін келушіні қабылдап, 7.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істей алады. Көше сауда нысандары, стритфудтар, балмұздақ сататын дүкендер, көкөніс шатырлары және басқалары, сондай-ақ гүл дүкендері қалыпты режимде жұмыс істейді. Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар бір келушіге төрт шаршы метрді сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істей алады. Ашық ауадағы азық-түлік базарлары штаттық режимде, азық-түлік емес базарлар да сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істей алады. Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер орналасқан жеріне қарамастан, бір сатып алушыға төрт шаршы метр толымдылығын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істейді. Азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендер бір сатып алушыға 4 шаршы метр есебінен жобалық қуаттың 30 пайызынан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істей алады. Бұл ретте қалада Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды, соның ішінде үйде өткізуге және қатысуға тыйым салынады. Ұжымдық намазға  - Айт намазына, соның ішінде мешіттер аумағында ашық іс-шараларға тыйым салынады. Қала тұрғындары құрбандық шалу рәсімін qurban2021.kz сайты арқылы онлайн бақылай алады. Құрбан шалу адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, арнайы бөлінген сою пункттерінде жүргізіледі.