Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
361
оқылды

Алматыда World Business Consulting қаржы пирами­дасын құрған бірнеше адамға қатысты сотқа дейін­гі тергеу басталды.Бұл ту­ралы қаржы мони­то­рингі агент­тігінің бас­пасөз қыз­ме­ті хабарлады.

Қаржы пирамидасын ұйым­дас­тырушылар азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және басқа үлестес компаниялардың инвес­ти­циялық жобаларына қаржы құюды ұсынған. Бұл компаниялар заңды қыз­меттен емес, жаңа салым­шылар­дың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік берген. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытын­дысына сәйкес, World Business Consulting қызметінде қаржы пирамидасының белгілері анық­талды. Қазір тергеу-жедел іс-шара­лары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады агенттік. Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды сақ болуға және өз жинағын күмәнді қаржы ұйым­дарына салмауға шақырды. Сондай-ақ World Business Consulting қызметінің құрбаны болғандар Алматы қаласы Жібек Жолы даңғылы №127 үй мекен­жайы бойынша Эко­номикалық тергеу департаментіне немесе 8-775-923-40-90, 8 708 192 2818 теле­фондары бойынша хабар­ласа алады. Басқа қала тұрғындары тиісті қаланың/облыстың қаржы мони­торингі агенттігінің аумақтық департаментіне жүгіне алады.