Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал ушығып барады. Бұл вакциналанбаған және бұрын ауырмаған тұрғындар коронавирус инфекциясының дельта штамын жұқтыруына байланысты болуда. КВИ-дің одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штаб отырысында ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, Алматыда жылдың басынан бері жалпы КВИ-дің 65 878 жағдайы тіркелген. Өткен 2 аптада бұрынғы 2 аптамен салыстырғанда КВИ дерті 2,6 есеге артқан, тәуліктік өсім 1%-дан астамын құрайды. 1-18 шілде аралығында КВИ-дің 10 093 жағдайы тіркелді, бұл 10700 жағдайдың пессимистік болжамына сәйкес келуде. Дерттің өсу себебі белгілі – 18 маусымнан бастап қалада «дельта» нұсқасы тарала бастады, ол өте жұқпалы әрі тез тарайды, клиникалық көріністері тым ауыр. Соңғы 7 күнде «симптомды» пациенттердің үлес салмағы соңғы 7 күндегі 88%-дан 90%-ға дейін өскен. Қалалық СЭБД-нің мамандары КВИ жағдайы бойынша алдағы 3 айға, 30 қыркүйекке дейін санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың дамуына болжам жасады. Базалық болжам бойынша дерттің шарықтау шегі 3-4 тамызға тура келеді әрі тәулігіне 1600-ге жуық жаңа жағдай тіркелуі мүмкін. Пессимистік болжам бойынша дерттің шарықтау шегі 10-11 тамызға тура келеді, 1900 жаңа жағдай тіркелуі мүмкін. Базалық болжамға сәйкес 5-5,5 мың төсек-орын пайдаланылады, ал пессимистік болжамның шарықтау шегі бойынша 6-6,5 мың төсек-орынға артуы мүмкін. Демек, базалық сценарий бойынша шілдеде 27,5 мың, тамызда – 34,5 мың, қыркүйекте – 4,5 мың КВИ жағдайы, ал пессимистік болжамға сәйкес шілдеде 29 мың, тамызда – 49,5 мың, қыркүйекте – 13,5 мың КВИ жағдайы тіркелуі мүмкін. Мектеп оқушыларының оффлайн оқуын қамтамасыз ету үшін мониторинг жұмыстары жүргізілуде және мұғалімдер вакциналануда. Бүгінде мұғалімдердің 97%-ы I компонентпен, 67,9%-ы II компонентпен вакциналанды. Бұдан өзге, медициналық қызметкерлердің 97,3%-ы I компонентпен, 67,3%-ы II компонентпен вакциналанды. Соңғы 2 аптадағы жас құрамын талдау балалар мен жасөспірімдерде вирустың «дельта» нұсқасының тез жұғатынын көрсетті. Соңғы 7 күнде КВИ жиі жұғатын жерлер: сауда нысандары – 40%, қоғамдық көлік – 20%, отбасылық байланыс – 19%, базарлар – 16%. Алматыда 2282 қатысушы Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейді. Бұған дейін дәрігердің коронавирус жұқтырған соң адам ағзасында қандай өзгеріс болатынын айтқанын жазған болатынбыз.