Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
162
оқылды
Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын. Бірақ эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. Ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады,  - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
– Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу. Қалыптасқан ахуалдың өте күрделі екенін ашық айту керек. Пандемия өңір басшылары үшін нағыз сынақ болды. Бұл сынақты кем дегенде әкімдердің жартысы, ең жақсы дегенде, «үшке» тапсырады. Осындай жағдайда Үкіметтің үйлестірушілік рөлі бірнеше есе арта түседі. Бұл жерде сырттан тон пішіп отыратындардың пікірі маңызды емес. Үкімет пен тиісті ведомстволардың үйлестірушілік рөлін күшейту қажет, – деді Президент.
Мемлекет басшысы вакциналау деңгейі төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін шұғыл түрде көшпелі бригада жасақтауды тапсырды. Оның пікірінше, екпе салдырғысы келмейтін адамдармен жұмыс барысында саралау әдісін қолданған жөн.
– Бұл топ біркелкі емес. Екпе салдырудан бас тарту себептері әртүрлі. Мұндай адамдардың ішінде ойланып жүргендері көп. Барлық әдіс-тәсілді пайдалану, соның ішінде, әлеуметтік желілер арқылы олардың көзін жеткізу керек. Батыстың кейбір дамыған елдері көз жеткізу әдісінен мәжбүрлеу шараларына көшіп жатыр. Ірі еңбек ұжымдарының қызметіне байланысты ерекше жағдайлар болмаса, біз ондай қадамға бармаймыз. Сондықтан өз дегенінен қайтпайтын азғана антиваксерлерге бола, отбасыларын өз еңбегімен асырап отырған азаматтарымыздың денсаулығын қатерге тіге алмаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 />

Денсаулық сақтау министрлігіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізуге тапсырма берілді.  Антиваксерлер деген кімдер екенін анық әрі нақты түсіну керек және олардың толық әлеуметтік бейнесін ашу қажет.
<blockquote>– Негізінен вирус жұқтыру деректері сауда ойын-сауық орталықтарында, кафелер мен ресторандарда болатынын ескеру керек. Мұндай жағдайда сақтану шаралары, соның ішінде вакцинация маңызды орын алады, – деді Мемлекет басшысы.</blockquote>
Президент өңірлердегі вакциналардың тапшылығына қатысты мәселені көтерді. Атап айтқанда Алматыда екпенің бірінші дозасы бойынша вакциналаудың бір-ақ күнгі көлемі (6,8 мың доза) қалған. Осы ретте бірқатар өңірде екпе егудің орташа қарқыны бойынша есептегенде қалған вакцина Алматыдағыдан ондаған есе көп. Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлермен бірлесіп, вакцинация қарқынына дұрыс болжам жасауға, сондай-ақ, жарамдылық мерзімін ескере отырып, вакцинаны қайта жіберу жүйесін жолға қоюға тапсырма берілді.
<blockquote>– Иммунитет қалыптастыру үдерісін тежеп отырған тағы бір өзекті мәселе – вакцинацияның жалған паспорттары. Мұндай теріс құбылыстардың алдын алып, олардың таралуына жол бермеу маңызды. 16 шілдедегі мәлімет бойынша 65 қылмыстық іс қозғалған. Яғни, жұмыс басталды. Енді оны белсенді жалғастыру керек. Бұл өте ауыр қылмыс. Бұл – ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін іс-әрекет. Вакцинация паспортының қолдан жасалуына жол берген тұлғаларға қатысты қатаң жаза қолдануды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.</blockquote>
<img src=