Көңіл айту жеделхатын жолдады
Көңіл айту жеделхатын жолдады
211
оқылды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің және Сенат депутаттарының атынан ТМД Пар­ламен­таралық Ассамблеясы кеңесі бас хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентінің уәкілетті өкілі Асхат Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сенат Төрағасы көңіл айту жеделхатында дип­ломат әрі мемлекет қайраткерінің ерен еңбегін атап өтті. «Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабай ұзақ уақыт Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Ол біздің еліміздің консулдық қызметін дамытуға елеулі үлес қосты. Оның парламентаралық ынтымақ­тас­тықты нығайту жөніндегі жұмысы жоғары бағаға лайық», – делінген жеделхатта.