Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
396
оқылды
Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт – адамдарды бей­бітшілік пен бірлікке, мейірім­ділік пен ізгілікке үндейтін жар­қын мереке. Қазақстандықтар үшін бұл мейрамның маңы­зы ерекше. Ол адамгершілік және рухани құн­ды­­лықтарды насихаттап, түрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы ауызбірлік пен сыйластықты арт­ты­руға септігін тигізеді. Айт күндері әрбір адам игі істер жасап, рухани тазаруға, құр­бан шалып, көмекке мұқтаж жан­­­дарға қол ұшын созуға ты­рысады. Қазіргі таңда Құрбан айт мей­рамы жақ­сылықтың жар­шы­сына айналып, елімізде татулық пен келісімді нығайтуға ұйытқы болып отыр. Алдағы уақытта да солай боларына кәміл сенемін. Осынау қастерлі мерекеде әр­бір шаңыраққа шаттық, ты­ныштық пен бақ-береке тілеймін! Айт қабыл болсын!