Әсел Айтпаеваны Грузияға апарған туысы зорлағаны белгілі болды
Әсел Айтпаеваны Грузияға апарған туысы зорлағаны белгілі болды
Фото: azattyq-ruhy.kz
319
оқылды

Дайын болған сараптама қорытындысында Мұрат Мейірбековтің ДНК-сы табылған. Бұл туралы марқұмның анасы хабарлады.

26 жастағы Әсел Айтпаева қайтыс болғаннан кейін Тбилиси прокуратурасы аудиожазбаға сүйеніп, Мұрат Мейірбековке сырттай «адам зорлады» деген айып тақты. Екі ай өткеннен кейін оның кінәсі дәлелденіп отыр. Бойжеткенді Грузияға жұмысқа орналастырған Мейірбеков қазір «Адам саудасы» бабымен қамауға алынған. Енді сараптама нәтижесіне сүйеніп, грузиндік және қазақстандық тарап істі біріктіруі тиіс.

Ал Әсел Айтпаеваны зорлап, оны өлімге итермеледі деп күдікті ретінде темірторға қамалған Бесик Тордуа 15 шілдеде ми инфарктінен қайтыс болды. Түрмеден ауруханаға ауыр алде жеткізілген күдіктінің өмірін дәрігерлер құтқара алмапты.