ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кеше сағат 17.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірі – екі қабатты ғимараттың бір бөлігі қирағанын хабарлаған.
Назар аударыңыз! Ескерту, куәгерлер бейәдеп сөздер айтқан.
https://youtu.be/HXpujbZ91m8 https://youtu.be/vDCnpEn0iTc«Апат кезінде жатақхана ішінде 10 адам болған. Оның 9-ы шығарылды. Қирандының астында қалған жазасын өтеп жатқан екі адам алған жарақатынан қаза болды. Қалғандарының жағдайы орташа. Мұқият тексеру үшін зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді», – деді комитет өкілі.