Айттың бірінші күні қанша қой мен сиырды құрбандыққа шалды?
Айттың бірінші күні қанша қой мен сиырды құрбандыққа шалды?
Фото: ummet.kz
350
оқылды

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады. Құрбан айттың бірінші күні астанада 450 қой және 21 сиыр құрбандыққа шалынды.

Әкімдіктің қолдауымен қалада 4 нысан qurban.kz арқылы онлайн құрбан шалатындарға қызмет көрсетті. Қаланың бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған өкілдік қызметкерлері аталған нысандардағы құрбан шалу рәсімін атқарып, аталмыш сайт арқылы тапсырыс бергеннің аманатын орындады. Әрбір тапсырыс берушінің құрбандығын сою барысы бейнежазбаға түсіріліп, құрбан шалушыларға жөнелтіліп отырды.

«Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 450 қой және 21 сиыр құрбандыққа шалынды. Құрбандық еттері сол жерден бірден бөлшектеліп, арнайы дорбаға салынып, еріктілер арқылы мұқтаж жандардың мекенжайына жіберілді» делінген хабарламада.

Бұған дейін Президенттің елмен бірге құрбан шалғанын жазған болатынбыз.