Оның айтуынша, дәрігерлерге қаржылық қолдау былтыр наурыз айынан бері көрсетіліп келеді. Осыған дейін 229 миллиард теңге төленді.«Тамыз-қыркүйек айларында 50% төленеді. Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды», – деді Тоғжанов.