Көлікті ұрлап, өртеп жіберген ұрыны үйіне жеткенде полицейлер қарсы алды
Көлікті ұрлап, өртеп жіберген ұрыны үйіне жеткенде полицейлер қарсы алды
Фото: ПД-нен алынды

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Ғ.Мүсірепов ауданында болған.

Тоқсан би ауылының тұрғыны «ВАЗ – 21099» автокөлігін түнде аулада ашық қалдырып, таңертең таппай қалған. Ер адам бірден полицияға шағымданған. Жедел іздестіру нәтижесінде, көрші ауылдың бұрын сотталған 21 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұры Тоқсан би ауылында қонақта болған. Түнде үйіне қайтып бара жатқанда аулада кілті бар, есігі ашық тұрған көлікті көріп, мініп кетеді. Біраз жүргеннен кейін бензині таусылған машинаны жолдың шетіне шығарып, өртеп жіберген. Үйіне жеткенде оны полицейлер қарсы алды.

Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Руслан Біржанов: «Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Іс материалдарын сотқа жіберуге әзірлеп жатырмыз. Жыл басынан бері ауданда осындай 3 оқиғаның мән-жайы анықталды», – деді.