Алматыға кіреберісте 12 блокпост қойылды
Алматыға кіреберісте 12 блокпост қойылды
Фото: kolesa.kz
297
оқылды
Алматыға кіреберісте 12 блокпост қойылды. Бұл тұрғындар қалаға қой алып келмеуі үшін жасалған шара. Блокпосттар 22 шілдеге дейін тұрады, – деп хабарлайды "Хабар 24". Құрбандықты qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалуға болады. Алматы мешіттерінің өкілдері тапсырыс берушінің атынан дұға жасап, етті жағдайы нашар адамдарға таратып береді.
"Пандемия біздің өмірімізге қалай әсер етсе де, меніңше, онлайн құрбандық шалу – ең дұрыс шешім. Біріншіден, тапсырыс беруші уақыт өлтірмейді, денсаулығын сақтап, үйде отырады. Ал етті жағдайы нашар адамдарға еріктілер жеткізеді", – дейді Алматының бас имамы Төлеби Оспан.
Бірнеше сағат ішінде Алматы Орталық мешітінің еріктілері 400 отбасына ет жеткізген.
"Бәрі карантин шарасының аясында: қасапшылар маска таққан, пышақ пен басқа да құралдар әр бес минут сайын дезинфекцияланады. Онлайн құрбан шалуға 784 өтініш келіп түсті. Мешіт өкілдері мен еріктілер олардың бәрін үш күн ішінде жеткізуге тырысады", – деді қасапшы Асан Әбиев.