ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағдарламасын іске қосады
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағдарламасын іске қосады
© kaztag.kz
112
оқылды
«Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ теміржолшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартудың арнайы бағдарламасын іске қосады.
«Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мақсатында біз үшін қызметкерлердің еңбек жағдайларының тиісті деңгейін қамтамасыз ету маңызды мәселе”, - деді бүгін өткен кеңейтілген кеңесте компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев.
“ҚТЖ" ҰК" АҚ әрқашанда өз қызметкерлеріне кең ауқымды жеңілдіктерді қамтитын әлеуметтік пакет ұсынып келеді. Осы мақсатқа арналған бюджет жыл сайын ұлғайып отыр. Қызметкерлердің құқығын қорғау, еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау, басқа да әлеуметтік кепілдіктер Ұжымдық келісімшартпен бекітілген. Бүгінгі кеңейтілген кеңесте айтылғандай, қызметкерлерге уақытылы қосымша ақы мен үстемеақыларға, сапалы арнайы киіммен қамтамасыз етуге, қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар аударылады.