Қазақстанда карантинді бұзғандардың есімдері БАҚ-та жарияланады
Қазақстанда карантинді бұзғандардың есімдері БАҚ-та жарияланады
© almaty.tv
200
оқылды
Ashyq-та "қызыл" мәртебесі бар ереже бұзушылар тізімі БАҚ-та жарияланады, — деп хабарлайды primeminister.kz. Бүгін, 21 шілдеде Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының тарауына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті. Оған премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 шілдедегі елдегі эпидемиологиялық жағдай жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
"ВАК Ashyq-та "қызыл" және "сары" мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді карантин режимін бұзған "қызыл" мәртебесі бар тұрғындардың есімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, вице-премьер Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдардың басшылары мен өңір әкімдіктеріне иммундау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинамен қамтуды арттыру туралы нақты тапсырмалар берді. Вице-премьер мемлекеттік орган өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, қысқа мерзімде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша келесі шараларды қабылдауды тапсырды:
  •  жаңа штамдардың пайда болуын ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел іс-қимылдардың нақты жоспарын әзірлеу және енгізу;
  • QazVac отандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарықтарына шығару мәселесін пысықтау, осы бағытта нақты жол картасын әзірлеу;
  • карантин шектеулерін сақтауға қойылатын талаптарды қатаңдату мәселесін пысықтау;
  • вакциналау қарқыны төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды қалыптастыру;
  • коронавирусты диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес реанимация бөлімшелері мен жедел медициналық көмек қызметтерін қосымша жарақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар енгізу;
  • коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін "Ремдесивир" препаратын орталықтандырылған сатып алу мәселесін шешу жөнінде шаралар қабылдау;
  • Ішкі істер министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалған вакцинация паспортын жасаудың жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық арнайы топ құрсын;
  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Атамекен" Ұлттық палатасымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бизнес субъектілерін Ashyq бағдарламасына енгізу жөніндегі талаптарды жеңілдетсін.
Ералы Тоғжанов мониторинг топтары жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ҚР ІІМ мен әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұдан басқа, ВАК «Ashyq» арқылы тіркелген қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді карантин режимін «қызыл» мәртебесі бар бұзушылардың есімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сондай-ақ, вице-премьер Е.Тоғжанов мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне вакциналау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналаумен қамтуды арттыру туралы нақты тапсырмалар берді.