Ай сайын баспанасы жоқ екенін дәлелдеу кімге керек? – Министр әлеуметтік көмек үшін ХҚКО-да сергелдеңге түскен елмен кездесті
Ай сайын баспанасы жоқ екенін дәлелдеу кімге керек? – Министр әлеуметтік көмек үшін ХҚКО-да сергелдеңге түскен елмен кездесті
Фото: Бағдат Мусинннің Facebook-тағы парақшасынан алынды
260
оқылды

Аймақтағы жиі кездесетін проблемалар туралы министр Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Ақтаудағы ХҚКО-да адам көп. Демалыстан кейін әдетте осылай болады. Жұмысшылармен бірге клиенттерге қызмет көрсетіп, сауалдарына жауап бердім.

Грантқа құжат тапсырам деп біраз талапкер жүр. Бұл орайда, бүгінгі таңда жүйеде 30 мыңнан астам өтінім тіркелген. Алдағы уақытта бұл қызметті проактивті ету қажет. Яғни жүйені бот сияқты оңай әрі қолайлы ету керек: ЖОО, мамандық және т.б. таңдау. Ал құжаттарды өз қолыммен тапсырамын деушілер үшін ХҚКО баламасын – ҰБТ тапсырған арнайы залдарды ұсыну керек деген ой келді. Сол жерде бірден UStady басшылығымен осы мәселені талқылап, қолдау таптық. Түлектер ҰБТ тапсырған жерде бірден құжаттарын да өткізе алатын болды. Биыл осы идеяны пилот ретінде жүзеге асырады, бұл ХҚКО-дағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Мына фотодағы қыз күллі отбасы үшін анықтамалар алуға келіпті.  width=   Мен оған телефонына егов мобайл орнатуға көмектестім. Дұрыс толтырылмаған жерлері бар екен, «ҰАТ» АҚ жұмысшыларымен бірге себебін анықтап, жөндеп жібердік. Кейбір процестерді жылдам және оңай шешуге болады, ал кейбіреуіне уақыт керек. Оған бұл анықтамалар баспанасы жоқ екендігін ай сайын дәлелдеп, әлеуметтік көмек алу үшін керек екен. Осы жайлы естігенде, расын айтсам, таңқалдым, себебі СОБЕС мәліметтерін баяғыда қолжетімді еткенбіз, сондықтан осындай пандемия кезінде адамдардан анықтама талап ету қаншалықты қисынды?! Неліктен бөлімдер жұртты ХҚКО-ға жұмсап, сергелдеңге салғанын анықтайтын боламыз», – деп жазды Бағдат Мусин.